Сенаторлар сарапшылармен бірге жұмыс істейді
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, сарапшыларды Жолдаудағы жүктелген міндеттерді іске асыру бағытында бірлесе жұмыс істеуге шақырды. Бүгін Жоғары палата спикері Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының «КИСИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» алаңында сарапшылармен кездесті. Қазір Парламенттің алдында Мемлекет басшысы жүктеген тапсырмаларды іске асыруға арналған сапалы заңдар қабылдау міндеті тұр. Бұл істе Сарапшылар клубы және басқа да алаңдар аясында мамандармен жұмыс жандана түседі деді Мәулен Әшімбаев.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Қолдағы бар қорға өмір сүру, ұлттық табысты әділ бөлу, бюрократиядан арылу, табиғатты аялау, сандық режимге көшу – бұл жолғы жолдаудағы негізгі қағидаттар ретінде көрсетілді. Мемлекет басшысы атап өткендей, барлық саясатымызды енді осы қағидаттар негізінде құру аса маңызды.
Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директорының орынбасары:
Кешегі жолдау дәстүрлі түрде бірнеше блокқа бөлінді. Ең бірінші ол экономика болды, одан кейін әлеуметтік сала сосын саяси сала. Оның ішінде біз бәріміз назар аударып отырғандай көп мәселе экономикаға байланысты болды. Егер біз екі жылдың алдында саяси реформалардың жетегінде кетіп біраз саяси реформа жасасақ, бүгінгі экономикалық реформалар түбегейлі өзгерісті талап етіп тұр. Бізде саяси реформа ілгері жүрмейді, егер экономикалық проблема болса.
Серік Жұмабек
Автор
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07