Мәжіліс төрағасы Жолдауды жүзеге асыру бойынша депутаттардың міндеттерін айқындап берді
Бүгінгі Жолдау қоғамды толғандырып отырған ең өзекті проблемаларға нақты жауап. Мәжілістің бюро отырысында палата төрағасы Ерлан Қошанов осылай деді. Жиында маңызды құжатты жүзеге асыру бойынша депутаттардың міндеттері айқындалды. Қошановтың сөзінше қазір Мәжілістің қарауында Бюджет кодексі жатыр. Палатаға жаңа Салық кодексінің жобасы да келіп түсті. Бұл құжаттар ерекше бақылауға алынбақ. Депутаттар алдына қойылған міндеттердің қатарында Ұлттық қордан бөлінген қаржыны тиімді пайдалану, халықты толғандырып отырған маңызды әлеуметтік мәселелерді шешу, оның ішінде білім беру саласын және бұқаралық спортты дамыту мәселелері де бар.
Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:
Әр Жолдау – алға деген қарқынды ұмтылыс. Президент лауазымына кіріскен күннен бастап Қасым-Жомарт Кемелұлы ауқымды стратегиялық реформаларды қолға алды. Бүгінгі Жолдау – сол реформалардың жалғасы. Осылайша, Мемлекет басшысының экономика, саясат пен идеология саласын қатар реформалауға бағытталған стратегиялық бағдары үздіксіз іске асуда.
Шерхан Жамбылұлы
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16