Батыс Қазақстан «Қарызсыз қоғам» құрғысы келеді
Азаматтардың қаржылық сауатын арттыруға арналған «Қарызсыз қоғам» жобасы жалғасады. Президент «Amanat» партиясы ұсынған жобаның өміршеңдігі мен тиімділігін атап өтті. Қаржылық сауатсыздықтың кесірінен халық алаяқтардың құрығына түсіп қалып жатыр. Шамадан тыс көп несие алу да тұрмыстың тұралауына әкеп соғады. Бұл кеселдің алдын алу үшін білікті мамандар азаматтарға қаржы және экономика негіздерін үйретеді. Қарапайым цифрлық дағдыларды меңгертеді. Былтыр жобаға ел бойынша 65 мың адам қатысса, соның ішінде Батыс Қазақстанда да қаржылық сауаттылық дәрістері тұрақты өткізіліп келеді.
Азамат Сафимәлиев, «Amanat» партиясы БҚО филиалының атқарушы хатшысы:
«Amanat» партиясының ұсынысы бойынша бұл бағдарлама енгізіліп, ел бойынша жүріп жатыр. Біздің облысымызда былтыр «Қарызсыз қоғам» бойынша 9,5 мың адам оқыды. Биыл 5,5 мың адам осы жоба аясында білім алып шықты.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13