Көкшетауда бала құламас үшін терезелерге берік тор орната бастады
Көкшетауда көпбалалы отбасылардың үйлеріне адам салмағын көтеретін терезе торлары орнатылып жатыр. Арнайы металдан жасалған қорғаныс құралдары көпқабатты баспаналарға қойылуда. Мұндай торлар жақтауға бекітіліп, әйнектің бетіне салынады. Оның бір шаршы метрі 156 келіге дейін көтере алады. Жалпы өңірде жыл басынан бері көпқабатты үйлердің терезесінен 12 бала құлап, зардап шеккен. Оның біреуі қайтыс болса, қалғандары әртүрлі жарақаттармен ауруханаға түскен.
Замира Мырзатай, қала тұрғыны:
Менің төрт балам бар. Екеуі үлкен. Екеуі кішкентай. Біреуінің жасы төртте. Біреуінің жасы екіде. Біз өзіміз де ойлап жүргенбіз, решетка қоямыз деп. Қорқасың, балалар бір сәтте терезенің алдына жүгіріп баруы мүмкін. Төртінші қабат болған соң қорқынышты. Осылай қойып беріп жатқандары өте жақсы.
Ұмсындық Наурызбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13