Биыл жаңа оқу жылында Астанада 15 жаңа мектеп ашылды
Биыл жаңа оқу жылында Астанада 15 жаңа мектеп ашылды. Оның 9-ы мемлекет басшысының пәрменімен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған. Еліміздің Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жайлы мектептің бірінде болып, оқушылар мен ұстаздарды оқу жылымен құттықтады. Оның айтуынша, биыл 28 мың бүлдіршін алғаш мектеп табалдырығын аттады. 90 мыңға жуық оқушы жаңа мектепте оқу жылын бастап отыр.
Ғани Бейсембаев, Оқу-ағарту министрі:
Осы жайлы мектептерге тағайындалып жатқан мектеп басшыларын арнайы оқудан өткіздік, «1000 өзгерістер көшбасшылары» бағдарламасы бойынша дайындалды, тағайындалып жатыр.
Елдар Исабай, 11 сынып оқушысы:
Осы мектепке ауысу себебім, мектеп заманауи бағдарламада жасалған. Қолайлы.
Елорда іргесіндегі Талапкер ауылында да «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында екі бірдей білім ошағы пайдалануға берілді. Онда 2400 бала заманауи білім алады. Осылайша үш ауысымды мектептің мәселесі шешімін тауып келеді.
Аида Ахметбек
Автор
Аида Ахметбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлытауда үш ғарышкер Жезқазған маңына қонды
27.07.2026, 10:12
Франция мен Испанияда 330 мыңнан астам адам эвакуацияланды
27.07.2026, 10:11
Атырауда екі дәрігерлік амбулатория ашылады
27.07.2026, 10:08
Түркияда үйлерді су басты
27.07.2026, 10:05
Дональд Трамп пен Си Цзиньпин кездеседі
27.07.2026, 10:03
Қазақстан мен Татарстан арасындағы тауар айналымы 946 миллион долларға жетті
27.07.2026, 10:02
Қазақстан – Ресей: Логистиканың жаңа кезеңі
27.07.2026, 10:00
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07