Грекияда балық қырылып, экологиялық апатқа қатысты төтенше жағдай жарияланды
Грекияның Волос портында экологиялық апат туындады. 100 тонна өлген балық шығанақтың үстін басып кеткен. Мамандар күніне 40 тонна өлі балықты судан шығарып, қоқыс зауытында өртеп жатыр. Айналаны жағымсыз иіс алып кеткен. Ғалымдар мұндай көп шіріген балық шығанақтың экологиясына кері әсер етеді деп алаңдайды. Билік аймақта төтенше жағдай жариялады.
Стелиос Лимниос, эколог:
Былтырғы су тасқыны кезінде балықтар өз мекенінен ағып, көлге түскен. Биыл құрғақшылықтан көлдің суы тартылғанда тұщы су балықтары теңізге қарай жүзіп, тұзды суда қырылған.
Демостенис Бакоянис, мейрамхана қожайыны:
Балық шірігелі, туристер келмей қойды. Үш күннен бері мейрамханамызға тірі жан бас сұқпады. Шығынға әбден баттық.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17