Өзбекстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақстандық әскерилер өнер көрсетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында қазақстандық әскерилер өнер көрсетті

31.08.2024

Конституция күні мерекесіне орай және Өзбекстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында қарулы күштер құрамындағы орталық ансамбль бауырлас елдің бірнеше қаласын аралап әскери бөлімдер мен гарнизондарда концерт берді. 40-қа жуық өнерпаз қазақтың халық әндерін, сондай ақ патриоттық рухтағы шығармаларды орындап, бір апта көлемінде өзбек еліне тамаша көңіл күй сыйлады

Ташкенттегі адам ең көп жиналатын орындардың бірін аралап қазақтың күйін тартып әнін салған өнерпаздарды халық зор қошеметпен қарсы алды. Осылайша қарулы күштер жанындағғы ансамль мүшелері серуендеп жүрген жұртты ілестіріп, сахнаға қарай алып келді. Түнгі қаланың аспанында қазақтың әні шарықтады

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Әскери-патриоттық орталығының ансамблі бұл жаққа өткен жылы да келген. Алайда ол кезде тек ел астанасында болып, өнер көрсеткен. Осы жолы бір апта бойы Ташкент, Самарқан мен Бұқара қалаларында керемет мағыналы сапар ұйымдастырылды, рухани байып, оң әсер алдық дейді орталық басшысы

Арман Асенов, ҚР ҚК Ұлттық Әскери-патриоттық орталығының басшысы:

Құшақ жая қарсы алған өзбек халқына алғысымыз зор. Әскери бөлімдер мен гарнизондарда болдық, әріптестеріміз бізді Конституция күнімен құттықтады. Ал біз Өзбекстанның тәуелсіздік күні мерекесіне орай бірнеше концерт өткіздік. Көптеген тарихи орындарды араладық. Мен ойлаймын, біздің өнерпаздар келешекте өз балалаларын осынау қонақжай елге алып келеді, өйткені мұнда көретін жерлер өте көп.

Әскери патриоттық орталықтың жанындағы ансамбльде жалпы саны 180 адам еңбек етеді. Бұл жолғы мерекеге 40 қа жуық әнші, биші мен басқа да өнерпаздар келген. Оқу жаттығу жиындарында, әскери партриоттық бағыттағы шараларда жиі кездесіп тұратын сарбаздар достықты әрдайым жоғары бағалайды.

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу