Стамбұлда екі автобус соғылып, бір адам қайтыс болды
Әзірге жол апаты азаяр емес. Станбұлда арнайы жолақпен жүретін екі метробус соғылып, бір адам қайтыс болды. Жол апатынан 53 адам жараланған. Олардың екеуінің жағдайы ауыр. Оқиға орнында көз жұмған 22 жастағы жігіт, екі автобус соғылғанда терезеден сыртқа ұшып кетіп, көліктің астында қалған. Бақылау камерасына түскен видеода бір автобус жүгізушісінің жол жөндеу жұмыстары үшін қойылған белгіні көрмей қарсы бағытқа шығып кеткенін байқауға болады. Қазір осы оқиғаға кінәлі, деп танылған 5 адам қамауға алынды. Олардың қатарында автобус жүргізушісі мен жол жөндеу жұмыстарына жауапты компания қызметкерлері бар.
Дәуіт Гүл, Стамбұл губернаторы:
Бір адам өкінішке қарай қайтыс болды. Жараланғандардың көбі алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілді. Оқиғаға қатысты тергеу басталды. Барлық кінәлілер тиісті жазасын алады.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент солтүстіктегі тұрғындарды облыстың 90 жылдығымен құттықтады
07.08.2026, 20:11
Жаңа Конституция – жарқын болашақ кепілі
07.08.2026, 20:11
Құрылтай: Үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
07.08.2026, 20:01
Азаматтардың сайлау процестеріне қатысу белсенділігі артып келеді
07.08.2026, 20:00
Құрылтай сайлауына дайындық жұмыстары пысықталды
07.08.2026, 19:58
Мектептегі атыстан 7 адам қаза тапты
07.08.2026, 19:55
Трамп екі қаулыға қол қойды
07.08.2026, 19:53
Тамызда еңбек кодексі өзгереді
07.08.2026, 19:51