АЭС – электр энергиясын өндірудің ең тиімді жолы
Атом электр станциясы бүгінде заманға сай түрленіп, жетілген. Құрылыс жұмыстары кезінде көптеген сынақтардан өткендіктен қазіргі инженерлік жүйесі мен қауіпсіздігіне алаңдауға еш негіз жоқ. Түркияның энергетика саласындағы сарапшылары осындай пікірде. Ал қоршаған ортаға зиянын барынша азайту үшін қазір тек жаңа технологиялар ғана қолданылады. Түркиялық мамандар басқа электр өндіру станциялармен салыстырғанда Атом электр станциясы анағұрлым тиімді дейді.
Куршад Тосун, энергетика жөніндегі сарапшы:
Атом электр станциясын салу дегенде көп адам бірден Чернобыль, Фукусиманы еске алып, қауіпсіздік мәселесін айтады. Алайда заманауи атом станцияларында қауіпсіздік бірінші орында тұрады. Қазіргі АЭС-терде құрылыс басталмас бұрын көптеген сынақтар жүргізіледі. Бұл зерттеулер оның жер сілкінісі, су тасқыны және цунами сияқты төтенше жағдайларға төтеп беру қабілетінің қаншалықты екенін анықтайды. Мәселен адамдар жол апатына түсуден қорыққандықтан көлік сатып алмай қоймайды ғой. Сол сияқты апаттан қорқып АЭС-тен бас тартуға болмайды.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізді
16.07.2026, 20:35
Қосшыда бірнеше әлеуметтік нысан салынып жатыр
16.07.2026, 19:45
150 орындық оңалту орталығының құрылысы қайта жанданды
16.07.2026, 19:38
Қарымта матч: «Астана» «Динамо Ситиді» қабылдайды
16.07.2026, 19:36
ШҚО-да еріктілер Дұбығалы көлінің жағалауын тазалады
16.07.2026, 19:32
Сарапшы: Шоқан еңбегі – ғылымның алтын қоры
16.07.2026, 19:31
Жалпы құны 15 миллиард доллардан асатын 70-тен астам келісімге қол қойылды
16.07.2026, 19:30
Қауіпті ойыншық: Сквиш пен слаймға бақылау күшейді
16.07.2026, 19:25