Конституциялық Сот құқық саласына оң серпін берді
Конституциялық реформаның нәтижесінде құрылған Конституциялық Сот бүгінде Әділетті Қазақстанның құқық саласына оң серпін беретін тәуелсіз институтқа айналды. Конституциялық сотқа 2023 жылдың 1 қаңтарынан бері 7 мыңға жуық азаматтан өтініш түскен. Нәтижесінде 252 шешім қабылданып, Ата Заңға сәйкес келмейтін 50 нормативтік қаулы мен заңға тәуелді актілердің нақты нормалары анықталған. Қазір бұл органға ай сайын әділдік іздеген 500-ден астам азаматтан өтініш түседі. Мамандар Конституциялық Сот Ата Заңның үстемдігін қамтамасыз етіп отыр. Сондықтан құқықтық, азаматтық қоғам үшін керек құрылым дейді.
Бахтияр Бөлеулиев, Заң ғылымдарының докторы:
Конституциялық Сот нақты қылмыстық, азаматтық әкімшілік істерді қарамайды. Бірақ аудандық, облыстық, Жоғарғы сот шығарған шешімдерді, қолданылған заңдар қаншалықты Ата заңымызға сай екенін тексереді. Біздің азаматтарға, қоғамға өте керек орган.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13