«Amanat» фракциясы референдум өткізу ұсынысын қолдайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Amanat» фракциясы референдум өткізу ұсынысын қолдайды

29.08.2024

1 қыркүйектен бастап 445 мың студенттің шәкіртақысы өседі. Колледжде білім алатындар үшін стипендия 50 пайызға, бакалавр және магистратура дәрежесіндегі студенттер үшін 15-20 пайызға көтеріледі. Сонымен бірге, қауіпті өндіріс орындарында еңбек ететін қызметкерлерге әлеуметтік төлем енгізілді. Бүгінде бұл төлемақыны 9 мыңнан астам жұмысшы алған. Бұл туралы Премьер-министр «Amanat» партиясы фракциясының кеңейтілген отырысында айтты. Олжас Бектенов Президенттің Жолдаулары мен сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Үкіметтің жұмысы туралы баяндады. 2029 жылға қарай ұлттық экономика көлемін 450 млрд долларға дейін жеткізу міндеті тұр. «Ал бұл бағытта қайта өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, ақпараттық технологиялар саласын дамыту қажет»,- деді Премьер-министр. Ал Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов өз кезегінде атом электр станциясын салудың стратегиялық маңызына тоқталды.

«Amanat» фракциясы референдум өткізу ұсынысын қолдайды

Ерлан Қошанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы: 

«Amanat»  партиясы осы науқанды Үкіметпен бірлесіп, жоғары деңгейде өткізуге, атсалысуға, кең ауқымда ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуге дайын. Еліміздегі барлық саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар бізбен бірге Президенттің осы прогрессивтік бастамасын іске асыруға жұмылады деп біз сенеміз.

Айя Мүтәлі


Хабарламаларға жазылу