Ертең – Конституция күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ертең – Конституция күні

29.08.2024

Ертең – Конституция күні. Еліміздің ең басты әрі маңызды құжаты 1995 жылы 30 тамызда қабылданды. Содан бері ата заңға бірқатар өзгертулер енгізілгені белгілі. Ең ірі референдум 2022 жылы өтті. Бұл Қазақстанның жаңғыру жолын айқындаған тұтас елдің шешімі болды. Толығырақ тілші баяндайды.

Конституция – ішкі де, сыртқы саясаттың бағытын айқындап, ел ішіндегі тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі болып отырған басты құжат. Соңғы жылдарда құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі Ата заңмен айқындалды. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр.

Үнзила Шапақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Қазір президенттің жолдауында да, жалпы қоғамның талабы да туындап отырған мәселе адамның құқығының үстем болуы. Адамның құқығы бірінші кезекте тұрса екен деген, яғни адамның құқығының үстемдігі заңда көрсетілгенде үстем болады. Сондықтанда біз көп жағдайда заңның үстемдігі деп жатамыз. Демек, адам өзінің құқығының үстемдік еткенін қаласа бірінші кезекте конституциянеы білуі керек. Оның ішіндегі негізгі , фундаметалды құқықтарын білуі керек.

29 жылда Ата заңға алты рет өзгеріс енгізілген: (кесте:1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары). Ең ауқымдысы һәм республиканың реңін өзгерткен референдум 2022 жылы болды. Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті.

Серік Ақылбай, Қазақстанның заңгерлер одағы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

Осы референдумнан кейін конституциялық заңдар қабылданды. Соның ішінде сайлау туралы заңға үлкен өзгеріс келтірілді. Тікелей, сайлау, жанама емес, тікелей. тікелей сайлағанда халық кімді сайлағанын біледі. Дауыс бергісі келсе берееді, бергісі келмесе, бермейді. Еркін болған нәрсе ол демократияның үлгісі деп білемін. Қазіргі парламенттің 30 пайызы тікелей сайланған депутаттар.Тек, ғана сайлап қоймай оны қайтып алуға да құқығы бар.

Тағы бір өзгеріс Президент бір мерзімге 7 жылға сайланады. Оның жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды иеленуге заң жүзінде тыйым салынды. Ата заңдағы жаңғыру жолы тұтас мемлекеттің одан әрі дамуына сеп болып отыр.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу