Астанадағы энергетика саласындағы тың жобалар таныстырылды
«Энергия тапшы заманда ешкімге тәуелді болмау маңызды. Сондықтан баламалы қуат көздерін барынша пайдалану керек». Бұл туралы электрлі машина жасау саласындағы инновациялық жобалар талқыланған конференцияда айтылды. Астанада өткен жиынға «Ғылым қорының» өкілдері мен энергетика саласының мамандары қатысты. Мәселен инженер Нұрбол Арынов жел қондырғыларына арналған жаңа электр генераторын әзірлеуді ұсынды. Құрылғы тіпті баяу жел кезінде де іске қосылуы мүмкін. Генератор қолайсыз ауа райында да тұрақты түрде электр энергиясын өндіреді. Бұл елдің жел энергетикасы секторы үшін тамаша шешім дейді ғалым.
Нұрбол Арынов, Энергия институтының жетекші инженері:
Бүкіл әлем ғалымдарының назарында – ғаламдық климаттың жылынуы тұр. Ол жылыну не себептен болып жатыр? Ауадағы парник газдардың көптігінен. Сол мақсатта біз энергияны баламалы көздерден алуды жоспарлап отырмыз. Біз алдымен шағын көлік макетін жасап жатырмыз. 10 квт-тық. 10 квт дегеніміз бір үйді толық қамтамассыз етуге жететін қуат.
Жандос Темірғали
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13
Мұнай бағасы өсті: Хуситтер Сауд Арабиясына тағы соққы берді
21.09.2026, 20:10
Атом энергетикасын дамытуда қауіпсіздікке басымдық беріледі
21.09.2026, 20:07
Түркістан облысында кедендегі кептеліс электронды кезекпен реттеледі
21.09.2026, 20:06