Өзбекстанда энергиялық ресурстарды өндіру көлемі кеміген
Өткен айда көршілес Өзбекстанда энергиялық ресурстарды өндіру көлемі едәуір кемігені байқалды. Бұл туралы мәліметті статистика агенттігі жариялады. Атап айтқанда, газ өндірісі 3,79 млрд текше метрді құрады. Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 2,9% төмен. Шілде айындағы көрсеткіш осындай. Ал жыл басынан бері көгілдір отын өндіру көлемі 26,15 млрд текше метрді құрады. Салыстырмалы түрде бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 4,8% немесе 1,3 млрд текше метрге аз. Мұнан бөлек елдегі ірі кәсіпорындарда электр энергиясын өндіру 17%, мұнай 7%, бензин көлемі 13,7% қысқарған. Есесіне көмір мен дизель отынын өндіру біршама артып отыр.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мәжіліс төрағасы Талғат Бигелдиновтің рухына тағзым етті
09.05.2026, 12:30
Сенат Төрағасы даңқты батыр Рақымжан Қошқарбаевтың ескерткішіне гүл шоғын қойды
09.05.2026, 12:06
Мемлекеттік кеңесші Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды
09.05.2026, 12:00
Олжас Бектенов, Мәулен Әшімбаев және Ерлан Қошанов соғыс жылдарында құрбан болғандарды еске алды
09.05.2026, 11:35
«Жақанов әлемі: фотошежіре» фотокөрмесі ашылды
09.05.2026, 11:30
Ауылда жауынгерлік Даңқ музейі ашылды
08.05.2026, 20:29
Ардагерлерге жыл бойы әлеуметтік көмек көрсетіледі
08.05.2026, 20:28
Өзен жағалауын тазартып жүрген азамат ел алғысына бөленді
08.05.2026, 20:26