Құлсары халқы жаңа баспанаға қоныстанып жатыр.
Тимур Құлыбаев бастаған «Халық» қоры мен Halyk bank қолдауымен тұрғындар жаңа үй сатып алды. Сондай-ақ, баспанасының іргетасын қалап, үй салғандардың құрылысты аяқталып қалды. Қала тұрғындары апаттан кейін көмек берген қор мен банк өкілдеріне алғысын білдірді.
«Халық» қоры көмегімен жаңа үйінің құрылысын бастағандардың бірі - Гүлжан Нартайқызы. Тұрғын 1,5 айда құрылысты аяқтап, қоныстанып жатыр. Қиын-қыстау кезде қол ұшын созған «Халық» қоры мен Халық банкіне алғысын білдірді.
Гүлжан Омарова, тұрғын:
Осындай біздердің басына нәубет түскенде жақсы көмек қолдарын созған «Халық» қорына, уақытында бізге ақшамызды жылдамдатып берген Халық банкінің ұжымына көп алғысымызды айтамыз. Осы ай жарымда кіреміз ба деген ойдамыз. Екі үйден кейін сарай жалдап отырмын өзім. Бір балам осы «Халық» қорының арқасында үйлі болып, Ақтөбеге көшіп кетті. Тез аударылды, бір демалыстың ішінде алады деді, сол уақытта түсті.
Кей тұрғындар қаржылай көмекке бірден баспана сатып алған. Қала аумағынын зәулім үйді иеленген отбасы дән риза. Қадырбек Қоспанов жаңа қонысқа кіргенде зейнетке шығыпты. Енді осы үйде немере-жиендерімнің қызығын көремін, дейді тұрғын.
Қадырбек Қоспанов, тұрғын:
Қажетті құжаттарды тапсырдым, бес күн жұмыс күнінде ақша түсті. Үйді көп іздедік. Қалаға барғымыз келіп, сол жерден де іздедік. Ең соңында осы үйге тоқтадық. Өтемақы алған күні маған осындай, арнайы сақтап қойдым. Әлі күнге дейін риза боламын.
Мемлекет басшысы отандық кәсіпкерлерге тасқыннан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету туралы үндеуіне алғашқылардың бірі болып меценат Тимур Құлыбаев құлақ асты. Көмек беру мақсатында 31 млрд теңге қаржы бөлінген.
Нариман Әбілшайықов, «Халық» қайырымдылық қорының басқарушы директоры:
Қазіргі таңда өзіміз көріп отырғандай, Құлсарыда Тимур Құлыбавтың Халық қайырымдылық қоры тарапынан айтылған 30 млрд теңге толығымен осы жаққа жетіп, азаматтар қажетті үйлерін салып, жаңа үйлерге қоныстанып жатыр. Осы жұмысты көрсетіп, қадағалау мақсатында. Сондықтан да осы жерде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға толығымен қаражат жетті. Қордың атынан айтылған 30 млрд теңге осы азаматтардың шотына түсіп, үйлерін аяқтап жатыр.
Одан бөлек, «Халық» қоры мен Халық банк Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Алматы, Павлодар, Ұлытау мен Абай облыстарына көмек беру үшін қызметкерлердің жалақысын қосқанда 31,4 млрдтан аса қаржы бөлді.
Лаура Кисметова