Көкшетауда 500-ге жуық адам Бұқпан тауының бөктерін тазалады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда 500-ге жуық адам Бұқпан тауының бөктерін тазалады

28.08.2024

Көкшетауда бүгін 500-ге жуық адам «Бұқпан» тауының бөктерін күл-қоқыстан тазартып, шаһар аумағын абаттандырды. Көпшілік қыдырып келетін бақылау алаңы да ретке келтірілді. Экологиялық акцияға мәслихат депутаттары, еріктілер мен «Жасыл ел» еңбек жасағының белсенділері атсалысты. «Таза Қазақстан» шарасы басталғалы өңірдегі тарихи, мәдени ескерткіштердің айналасы ретке келтіріліп, 400-ден аса балалар алаңы абаттандырылды.

Дастан Ермеков, облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы:

Ендігі жұмада «Таза Қазақстан» акциясы әрбір ауданда өтетін болады. Осы уақытқа дейін бізде облыс бойынша 3500 іс-шара өткен болатын акция аясында. Қаламызда “Жасыл ел” бағдарламасы да жұмыс жасауда. 280 жасөспірім бұл бағыт бойынша жұмыс жасады. Әрбір ауданда да дәл сондай жұмыстар жасалуда.

Ұмсындық Наурызбаева


Хабарламаларға жазылу