Астанада 15 елдің травматолог-ортопедтері бас қосты
Елімізде травматолог мамандар тапшы. Бұл салада бар-жоғы мың жарымға жетер-жетпес дәрігер бар. Ал жол апаты күн санап өсуде. Салдарынан қол-аяғын, жамбасын сындырып, дене жарақатын алатындар көп. Бұл жайында Астанада өтіп жатқан травматолог-ортопед дәрігерлердің халықаралық съезінде белгілі болды. Шараға 500-ден аса маман қатысып жатыр. Түркия, Ресей, Қытай, Иран, Үндістан, Польша сынды 15 елден де мамандар келді. Олар өз елдеріндегі озық технологияларды көрсетіп, біздің дәрігерлермен тәжірибе алмасады.
Йи Лайк, «Nation technology group» мекемесінің Орталық Азия бойынша бас директоры (Қытай):
Біз осы роботтарды және сүйекке қажетті түрлі протездерді дайындап, шығарамыз. Тіпті шіріп кеткен сүйектерді де алмастырамыз. Нарықта жұмыс істеп жатқанымызға 30 жылға жуықтап қалды. Ал Қазақстандық дәрігерлермен әріптестік орнатқанымызға 5 жылдан асты.
Бағдат Азаматов, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ орталық жетекшісі:
Бүгінгі күні травмотология-ортопедия ғылыми зерттеу институтымен бірнеше имплант түрін әзірледік. Соның ішінде бұғанаға арналған, сынған кездегі пластиналар, жамбас сүйекті бекіту пластинасы, одан кейін омыртқааралық. Бұл әзірше ғылыми зерттеу жұмыс. Қазір клиникалық сынақ өтіп жатыр.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Білім сапасы жақсарса, ұлттық бәсеке қабілеті арта түседі»
09.09.2026, 00:42
90 жастағы қария темірден түйін түйеді
08.09.2026, 21:16
Жаңа оқу жылында 57 мектеп ашылды
08.09.2026, 20:15
Енді мұғалімдерге сабақ сағатын ЖИ бөледі
08.09.2026, 20:14
Елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты
08.09.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына қысқаша шолу
08.09.2026, 20:12
Экономика өсіп келеді: ЖІӨ 70,9 трлн теңгеге жетті
08.09.2026, 20:10
Қазақстандықтар микронесие алуды азайтты
08.09.2026, 20:09