Шымкент әкімінің жиналысында ұсталған шенеунік 9 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкент әкімінің жиналысында ұсталған шенеунік 9 жылға сотталды

27.08.2024

Шымкент қаласы әкімінің қатысуымен өтіп жатқан жиын үстінде қолына кісен салынған лауазымды шенеунікке қатысты бүгін сот үкімі шықты. Енді тұрғын үй басқармасы басшының орынбасары сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін 9 жылын түрмеде өткізеді. Оның сыбайласы болған кәсіпкер 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар мегаполистегі 216 көпқабатты тұрғын үйдің сейсмикалық жағдайын тексеруге бөлінген қаражатты жымқырған. Яғни мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша техникалық зерттеу жүргізілмеген. Жұмыстар тек қағаз жүзінде атқарылған. Осылайша мемлекеттің 367 миллион теңгесін қалтасына басқан. Жемқорлықпен тапқан ақшасына Түркістан облысы Қазығұрт ауданында монша кешінін салған. Сөйтіп қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастыруға тырысқан. Алайда сотталушылар кінәсін мойындаған жоқ. Сот үкімі әлі күшіне енбеді.

Айнель Орақбаева, Шымкент қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соттың төрағасы:

Екі сотталушының кінәсі толығымен дәлелденді. Бүкіл қорытындылардында көрсетілген аттестатталған сейсмикалық қорытындылары жалған. Бұдан бөлек Оразбаев бүкіл мемлекеттік сатып алу шартына басқалардың атынан қол қойған.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу