Астанада ядролық қарудан азат аймақтар арасында семинар басталды. Шараның көздегені ынтымақты арттыру. Ауқымды басқосудың өтуіне Сыртқы істер министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Қарусыздану мәселелері жөніндегі басқармасы ұйытқы болды. Екі күнге жалғасатын шараға Франция, Жаңа Зеландия, Қытай, Латын Америка, Африка, Оңтүстік шығыс және Орталық Азия елдерінен арнайы өкілдер келді. Ядролық қарудан азат аймақтардың хатшылары да семинарға қатысып жатыр. Ядролық қарусыз әлем құру - Қазақстанның басты мақсаты. Сондықтан осы бағыттағы жұмыстарды қолдау жолында келісімдер жалғаса бермек. Жиын 29 тамызда өтетін Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні аясында ұйымдастырылды.
Ақан Рахметуллин, ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары:
Бүгінгі жиында ядролық қарудан азат аймақтар басқосуда. Біздің және бұл елдердің бағыты бір – ядролық қарусыз әлем құру. Осы екі күн барысында яролық қарусыз даму жолдарын әрі қарай дамыту, жетілдіруді талқылаймыз. Алдағы жоспарларлымызбен бөлісеміз.
Самал Қабышева