Президент Париж Олимпиадасының жүлдегерлерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Париж Олимпиадасының жүлдегерлерімен кездесті

27.08.2024

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті. Парижде топ жарған спортшыларды жеңісімен құттықтап, мемлекеттік наградалар табыстады. Президент ең алдымен Олимпиада чемпионы Елдос Сметовтың жеңісіне ерекше тоқталды. Ел тарихында дзюдодан тұңғыш рет алтын медаль алған спортшыға бірінші дәрежелі Барыс ордені берілді.

Нариман Құрбановтың күміс жүлдесін де тарихи жетістік екенін Мемлекет басшысы атап өтті. Өйткені гимнастика шеберлері тұңғыш рет Олимпиада биігін бағындырып отыр. Демеу Жадыраев пен Нұрбек Оралбай тамаша өнер көрсетті. Мергендеріміз Александра Ле мен Ислам Сәтбаев нысана көздеуден қола медаль алған еді. Бұл – 28 жылдан бері еліміздің осы спорт түрінен қол жеткізген алғашқы жүлдесі екеніне мән берді Президент. Салтанатты шара барысында спортшыларға ғана емес, олардың бапкерлеріне де «Барыс», «Парасат» ордендері табысталды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы спорттағы олқылықтарды айтып, жауапты министрліктің жұмысын сынға алды.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу