Түркістан облысында алты ғимарат Шымкент меншігіне өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында алты ғимарат Шымкент меншігіне өтті

27.08.2024

Шымкент қаласы облыстан ірге ажыратқанына 6 жылдан асса да әлі күнге екі аймақта мемлекеттік мекеме ғимараттарын ажыратып, бөліп алу аяқталған жоқ. Соңғы жасалған келісім бойынша Түркістанның мегаполис аумағында қалып кеткен 6 ғимарат қала меншігіне өтті. Оның ішінде бұрынғы облыс әкімдігі, кітапхана, филармония, қоғамдық келісім ғимараты мен балаларды үш тілде оқытатын мектеп-интернат бар. Бұл нысандар енді өзіндік бейіндік бағыты бойынша ары қарай жұмысын жалғастыратын болады.

Жалпы осы кезге дейін Түркістан облысынан 99 мүліктік кешен мен 8 әкімшілік ғимарат қала меншігіне өткен. Соның арқасында жекеменшік ғимараттарды жалға алып отырған мемлекеттік мекемелер басыбайлы баспанаға ие болды және жалға алу қаржысы бойынша бюджетке түсетін салмақ едәуір жеңілдеді.

Бақытгүл Сапарбекова, қалалық қаржы басқармасының бөлім басшысы:

Шымкент қаласында орналасқан басқа да денсаулық сақтау, спорт, білім беру, мәдениет саласындағы басқа да объектілер бар. Алдағы уақытта Түркістан облысында құрылып біткен мекемелердің көшуіне байланысты кезең-кезеңімен босаған ғимараттар қала меншігіне қабылданатан болады. 


Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу