WhatsАpp арқылы қандай хабарлама жіберуге болмайды? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

WhatsАpp арқылы қандай хабарлама жіберуге болмайды?

27.08.2024

Whatsapp және Telegram мессенджерлері арқылы жіберіп жатқан әр хабарламаңызға мұқият болыңыз. Әйтпесе, бірнеше миллион теңге айыппұл төлейсіз, тіпті бас бостандығыңыздан айырылу қаупі бар.

Опық жеп қалмау үшін нені ескерген жөн? Заңгерлердің айтуынша, сөйлесіп отырған адамыңызға өзі туралы ақпарат пен оған қатысты фото, видео жіберуге тыйым салынбаған. Дегенмен әр азаматтың азаматтық құқығы бар. Мәселен Whatsapp-тағы жалпы чаттарға көршіңіздің немесе танысыңыздың фотосын, жақындарымен жанжалдасып жатқан видеосын жүктеген жағдайда, Сізге құқықтық жауапкершілік бар екенін ескеріңіз. Өйткені фото, видеодағы азаматтар сотқа жүгінуге құқылы. Одан кейін кез келген азамат туралы ақпаратпен оның келісімінсіз бөлісуге тыйым салынады. Әйтпегенде ірі көлемде айыппұл арқалайсыз, не болмаса бас бостандығыңыздан айырыласыз. Сондай-ақ чаттарда дөрекі сөздер жазуға да тыйым бар. Бұл бұзақалық болып есептеліп, әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Оған қоса ұлтаралық, дінаралық араздық туғызатын фото-видео жариялауға да болмайды. Оның жазасы 7 млн теңге айыппұл немесе 20 жылға сотталады.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу