Түркиядан Қазақстанға ұшатын рейс 10 сағат кешікті
Түркияда демалып жүрген қазақстандық туристер елге қайта алмай қалды. Сенбі күні сағат түскі 2-де Бодрум қаласынан Астанаға ұшуы тиіс ұшақта техникалық ақау шыққан. Тасымалға жауапты «Эйр Астана» компаниясының өкілі жолаушыларды жақын маңдағы қонақ үйге орналастырғанын айтады. Алайда жатын орын болмаған. Сондықтан жолдан қалған жолаушыларға тек ыстық тамақ таратылып, бассейнге түсуге мүмкіндік берілген.
Тілек Әбдірақымов, «Эйр Астана» АҚ қоғамдық байланыстар жөніндегі үйлестірушісі:
Өзге аймақтағы қонақ үйге жеткізу жөні болған жоқ. Өйткені жолдың өзі 5 сағат алатын еді. Жолаушыларды біз кешкі сағат 20:00-де ұшаққа тіркеу керек болған. Бұл техникалық себепке байланысты ұшақ кешігіп келді.
Әуе компаниясы өкілінің сөзінше, ұшақ 10 сағатқа кешігіп, сол түні 23:30-да ғана ұшқан. Борттағы 166 адам аман-есен Астанаға оралған.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41
Татулық пен бірлікті дәріптеген ауыл
01.05.2026, 20:39
Жол сапасын цифрлық платформа қадағалайды
01.05.2026, 20:38
1 мамыр мерекесінде ондаған миллион жолаушы сапарға аттанды
01.05.2026, 20:36
500-ге жуық түрлі этнос өкілі бір мезетте өнер көрсетті
01.05.2026, 20:34
«Қазақстан - бірлік мекені» атты мәдениет фестивалі өтті
01.05.2026, 20:32
Әлемде миллиондаған адам Еңбек күнін атап өтіп жатыр
01.05.2026, 20:30
Семейде достық фестивалі өтті
01.05.2026, 20:30