«Қызылорда – Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту жұмыстарының соңғы кезеңі басталды
«Қызылорда – Жезқазған» автожолын қайта жаңғырту жұмыстарының соңғы кезеңі басталды. Еліміздің оңтүстігін орталықпен жалғайтын күрежолдың 140 шақырымын мамандар биыл пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Жалпы ұзындығы 192 шақырым жолды 5 мердігер мекеме салып жатыр. Соның үш учаскесінде асфальттың жоғары қабаты төселуде. Ал қалаға жақын екі аумақта жер бедері түгел тегістеліп, алғашқы асфальт жабындысы түсуде. Мердігерлер жұмыс күшін көбейтіп, маусым соңына дейін біраз бөлігін аяқтауды көздеп отыр.
Айта кетейік, «Қызылорда – Жезқазған» аралығындағы тасжолды салуға тың тәсілді қолданып, полимер қосылған асфальт жабындысын пайдаланып жатыр.
Ерсайын Мұзафар, «Қазавтожол» ҰК АҚ Қызылорда филиалы директорының орынбасары:
24 - 216 шақырымы аралығында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоспарланған жұмыстың 130 шақырымы негіздеменің жоғары қабатына асфальт төселген. Ағымдағы жылдың аяғына дейін 140 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16