Шымкенттік жаттықтырушылар мен әдіскерлер артық алған үстемақыларын мемлекетке қайтарады
Шымкентте спорт мектептерінің жаттықтырушылары мен әдіскерлері біліктілігінен айырылып, жалақыға үстемақы ретінде алған қаржыны мемлекетке қайтаратын болды. Өйткені олар «Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы» және «Бірінші санатты әдіскер» біліктілігін негізсіз алған болып шықты. Заңсыздық әрекеттері ауыр атлетика және жекпе жек спорт түрлері мектептерінде болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ондағы 19 жаттықтырушы мен 13 қызметкердің құжатынан осындай кемшілікті анықтады.
Жани Қамбар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы:
Бұл фактілер тиісті ведомстволық бақылаудың болмауынан, сондай-ақ адами фактордың орын алуынан және біліктілікті беру процестерін цифрландырылмау салдарынан орын алған. Департаменттің бастамасымен олар біліктіліктен айырылып, қазіргі уақытта негізсіз төленген үстеме ақыларды бюджетке қайтару бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия пара ойындарында спортшыларымыз тағы төрт алтын алды
21.10.2026, 13:15
Амандасу әдебі – ұлттық мәдениеттің көрінісі
21.10.2026, 13:13
Жетісу облысының Көксай ауылында жаңа мектеп ашылды
21.10.2026, 13:12
Ақтөбе облысындағы Қарауылкелді теміржол вокзалы жаңартылды
21.10.2026, 13:10
Астанада кейбір үй балкондарына ту ілді
21.10.2026, 13:08
Парижде коменданттық сағат ұзартылды
21.10.2026, 13:07
Ресейде демографиялық дағдарыс күшейіп барады
21.10.2026, 13:05
Қазақстан ТүркПА елдеріне арналған Цифрлық кодексті әзірлеуді ұсынды
21.10.2026, 13:04