Елімізде интернет алаяқтардың арбауына түскендер күрт көбейді. Жасанды интеллекттің мүмкіндігі артқан сайын қылмыскерлердің тәсілдері де түрленіп барады. Биыл 7 айдың ішінде олар отандастарымыздың 7 млрд 100 млн теңгесін жымқырып кеткен. Бұл өткен жылды тұтас алғандағы көрсеткіштен 1,5 есе көп. Ал ұрланған ақшаның тек 11 пайызын ғана қайтару мүмкін болған.
Көбіне алаяқтар онлайн сауда кезінде алдап кетеді. Ақшасын төлеп, тауарын алмаған 3300-ге жуық адам полицияға арыз жазған. Жалған сайт, қосымшалар арқылы дербес деректерін ұрлаған 3200-ден астам жағдай ресми тіркелген. Ғаламтор желісінде түрлі қызмет көрсетем, онлайн несие берем деп жарнама орнатқандар да жетерлік. 1700-ден астам адамды банк қызметкеріміз деп хабарласқан алаяқтар алдап кеткен.
2024 ЖЫЛ
7 АЙ – 7,1 МЛРД ТЕҢГЕ
2023 ЖЫЛ
4,1 МЛРД ТЕҢГЕ
ҚАЙТАРЫЛҒАН ҚАРЖЫ – 11%
ОНЛАЙН САУДА – 3 258
ЖЕКЕ ДЕРЕКТЕРДІ ҰРЛАУ – 3 218
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ – 2 917
ОНЛАЙН НЕСИЕ – 1 992
БАНК АТЫНАН ХАБАРЛАСУ – 1 727