Ресейдің Киров облысындағы жоғары оқу орнында жұмыс істейтін ғалымдар өсімдік жасушаларынан дайындалған тағамды 3D принтерден шығара бастады. «Жасушалар қоректік заттар мен ақуызға толы, сондықтан тағам ағзаға өте пайдалы», - дейді мамандар. Одан бөлек тағамға дәмдік қоспалар қосылады. Яғни хош иістендіргіш пен тәтті жеміс шырыны бар. Бұл тағамды қант алмастырғыштың орнына қолдануға болады. Болашақта қант диабетіне шалдыққан науқастар мен семіздікке шалдыққандар жаңа технологияның арқасында тәтті тағамды қалағанынша жеп, емделе алады. Ғалымдар өнімнің құрамындағы дәрумендердің, ақуыздардың және көмірсулардың мөлшерін алдын ала реттейді. Тіпті болашақта 3D принтерден жылқы етінің дәмі бар тағамдар да шығарылуы мүмкін.
Анна-Анастасия Мистерова, жас ғалым:
Бұл жобаны жүзеге асыру туралы ой бізге оңтүстік елдерден келді. Мәселен, Африкада кей адамдар ғасырлар бойы құрамында қант емес, тәтті ақуызы бар жемістерді тұтынады. Осындай ақуыздарды үлкен көлемде биотехнологиялық қауіпсіз тәсілмен өндіру арқылы салауаттты өмір салтын ұстанатын адамдарға көмектескіміз келді.
Индира Бегайдар