Францияда Telegram желісінің негізін қалаушы Павел Дуровты қамауда ұстау мерзімі 48 сағатқа ұзартылды. Ол Париждің Ле Бурже әуежайында тамыздың 24-де ұсталған еді. Дуров жеке ұшағымен Парижге Әзербайжаннан барған. Алдын ала тергеуден кейін оны қамауға алу туралы санкция берілді. Дуровтың ұсталуына Telegram-да модерацияның болмауы және кәсіпкердің заңсыз контенттің таралуын анықтау және жолын кесуде француз құқық қорғау органдарымен ынтымақтасудан бас тартуы себеп болған. Француз қауіпсіздік күштері желідегі заңсыз әрекеттерге, атап айтсақ есірткі тарату, бала порнографиясы және алаяқтыққа Павел Дуровтың да қатысы бар деп айыптап, іздеу жариялаған. Илон Маск бастаған тұлғалар Дуровтың ұсталуын сөз бостандығын шектеуге теңеп, сынға алды.
Арай Төлегенқызы