Израиль мен «Хезболла» тобы бірін бірі тағы да атқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль мен «Хезболла» тобы бірін бірі тағы да атқылады

26.08.2024

Израиль мен «Хезболла» тобы бірін бірі жүздеген дрон және зымыранмен атқылады. Израиль армиясы Хезболланың арсеналындағы мыңдаған ракетаны жойғанын мәлімдеді. Ал Ливандық топ шабуыл арқылы «Хезболла»-ның әскери командирі Фуад Шүкірдің өлімі үшін кек алуды көздегенін алға тартты. Жағдайдың ушығуына байланысты Израильде 48 сағатқа төтенше жағдай жарияланған. Тель-Авивтің халықаралық әуежайы ұшақ рейстерін доғарды. «Хезболла» кек алудың бірінші кезеңі аяқталғанын мәлімдеді. Мұнымен тоқтамайтынын ескертті. Израиль де, Ливандық топ та жексенбідегі операция ойдағыдай өткенін хабарлады. Таяу Шығыстағы ахуал ХАМАС басшысы Исмаил Хания мен «Хезболла» командирі Фуад Шүкірдің өлімінен кейін одан әрі ушықты. Аймақта кең ауқымды соғыс басталуы мүмкін деген қауіп те сейілмей отыр.

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу