Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен 21 отбасы баспаналы болды
Ақтөбе облысының Ойыл ауданында тасқыннан зардап шеккен 21 отбасы баспаналы болды.
Жаңа үйлердің ішкі әрлеу жұмыстарына дейін аяқталып, инженерлік желілерге толықтай қосылған. Жауаптылардың айтуынша, құрылыс жұмыстары уақытылы әрі сапалы жүргізілген. Бұл баспаналарға ие болғандардың дені Екпетал ауылының тұрғындары. Оларға мердігер компания өкілдері тұрмыстық техникаларды да тарту етті. Жалпы, аудан бойынша тасқын кезінде 328 үй қираған болатын. Бұған едйін 21 баспананы жөндеуге қаржы берілді. 129 отбас ыекінші нарықтағы дайын үйлерді сатып алған. Қазір барлығы 172 үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Ақерке Қитанова Ойыл ауылының тұрғыны:
Ауылымызды су басып, халықты түгел эвакуациялаған болатын. Содан бері ауданның басындамыз. Қуаныштымыз. Отбасымыз үшін құтты үй болсын! Өз отбасымызға бақыт ұялаған үй болсын деймін. Барлық үй алып жатқан адамдарға құтты болсын деймін.
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04