«Таза Қазақстан»: Жаңа ЭКО бағдарлама іске қосылды
Бір реттік қағаз және пластикалық стақандардың санын азайтудың жаңа әдісі табылды. Алматыда 1500-ге жуық кофе ішетін орын бар. Онда тұтынушылар көбінесе сусынды бір реттік ыдысқа құйып, сатып алады. Ал бұл қоқыстың көлемін арттырады,- дейді эко белсенділер. Енді «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында бір реттік ыдыстан бас тартып, дәмханалар мен кофе ішетін орынға өзіңнің бөтелкеңмен баруға болады. Әр сусын сатып алған сайын бір эко коин беріледі. Ал бір монетаның құны – 100 теңге. Кейін монетаны жинап, жергілікті өндірілетін тыңайтқыштарды сатып алуға, эко хабтарда өтетін түрлі шеберлік сағаттарына қатысуға болады.
Евгений Мұхамеджанов, «ECO Network» ЖШС директоры:
Науқанға қаладағы басқа да ірі кофеханалар қосылады деген үмітім бар. Қоршаған ортаны сақтау үшін, оның тазалығы үшін бір реттік ыдысты қолданудан бас тартуымыз керек. Бұл Алматының жаңа дәстүріне айналады деп ойлаймын.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Оқырман ұрпақ» кітап оқу қозғалысы құрылды
07.10.2026, 13:27
«Анаға тағзым» ІІІ республикалық форумы өтіп жатыр
07.10.2026, 13:21
Жол үстінде 5 жасар қызына қауіп төндірген әке жауапқа тартылды
07.10.2026, 13:20
Үкімет күштері хуситтерге қарсы әскери операцияны күшейтті
07.10.2026, 13:16
Британдық басылым Қазақстанның мүмкіндіктерін жоғары бағалады
07.10.2026, 13:13
Алматы тау кластері 10 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді
07.10.2026, 13:10
Солтүстік Аралдағы су көлемі 23,5 млрд текше метрге жетті
07.10.2026, 13:07
Тау беткейлері бекітіліп жатыр
07.10.2026, 13:06