Еуропада вирустан мал қырылып жатыр
Еуропа фермерлері тағы да дағдарысқа тап болды. Францияда қабынба безгектен қой қырылып жатыр. Блутанг ауруы адамға қауіпсіз болғанмен, шаруаларды әбден шығынға батырды. Румынияда фермерлер малға жем-шөп тауып бере алмай, дал болуда. Биыл құрғақшылықтың кесірінен малға азық тапшы.
Француз фермері Фредериктің блутанг вирусынан бір тәулікте 50 қойы қырылған. Қалған малдарының да сілекейі ағып, нәр татпай жатқанына шаруа алаңдаулы. Еуропаның солтүстігінен жеткен қабынба безгек ел бойынша 30 шаруа қожалығынан анықталған.
Гайтан Молье, фермер:
Менің 20 шақты қойым өлді. Шығын бұдан да көп болады. Ауыз, мұрын қуыстары жараланып, дене қызуы 40-тан асып барады. Қолымыздан ештеңе келмей тұр. Вакцина салдыртуға енді кеш.
Қабынба безгектің жаңа штамына қарсы екпе салдырту үшін биліктегілер фермерлерге 6 млн 400 мың доза тегін вакцина бөлген.
«Румыния шаруалары да мал басын қалай сақтап қаламыз» деп дал болуда. Қуаңшылықтың кесірінен ірі қараны жем-шөппен қамтамасыз ету қиынға түскен.
Траян Гиртан, фермер:
Жем-шөп екі есе қымбаттап кетті. Ал, сүт тым арзан. Мал ұстау тиімсіз болғандықтан, сиырларымды сойып, сатудан басқа амал жоқ. Малдың бағасы былтырғыға қарағанда 40 пайызға төмен.
Қазір Румынияда сиыр саны 1 млн-ға жетер-жетпес. 5 жыл бұрын 7 млн сиыр болған. «Құрғақшылық мал санының азаюына, тиісінше еттің екі есеге қымбаттауына әкеліп соғады»,-дейді сарапшылар.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Санаулы минуттан соң «Қайрат» - «Олимпиакос» матчы басталады
09.12.2025, 20:16
Білімді әрі адал ұрпақ – ұлт болашағы
09.12.2025, 20:14
Маңғыстау облысында 18 инвестициялық жоба жүзеге асты
09.12.2025, 20:13
Тұрғындар зейнетақы қорынан жылдағыдан 2 есе көп ақша алған
09.12.2025, 20:09
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының жүзеге асырылуы жөнінде жиын өтті
09.12.2025, 20:07
Еліміздегі жолдар пилотсыз көліктерге бейімделіп жатыр
09.12.2025, 20:04
Оңтүстікте су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін
09.12.2025, 20:03
Президент Ресейдің Қазақстандағы елшісін қабылдады
09.12.2025, 20:02