Спорт сәйгүліктерін бірыңғай дерекқорға тіркеу қажет
Елімізде спорт сәйгүліктерінің нақты есебі жоқ. Ол үшін бірыңғай ақпараттық дерекқор құрып, жылқыларды тіркеу керек. Бұл мәселе Оралда өткен «Бәйге спортын дамыту және спорттық жылқының әлеуетін арттыру» атты республикалық жиында айтылды.
Ғалымдар таза қанды және асылтұқымды жылқының генетикасын зерттеуде бірқатар мәселе бар екенін алға тартты. Түйткілді шешу үшін заңға өзгерістер енгізіп, бірнеше палатаға бөлінген тұлпарлардың басын бір жерге жинақтап, зерттеу қажет. Сондай-ақ өңірлерде заманауи талапқа сай ипподромдар ашу, мамандар мен шабандоздар даярлау, қаржыландыру нормативіне ат спортын енгізу туралы ұсыныстар айтылды.
Индира Бейішева, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ Ғылым басқармасының директоры:
Сынақ орталығында биотехнология зертханасы бар. Қазақстандағы ауыл шаруашылығы малының, соның ішінде жылқының шығу тегін растайтын, ДНК құжатын жасайтын бірден бір зертхана. Біз үш жыл ішінде орташа есеппен 7 мыңнан аса ДНК құжат бердік.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық теледебат телевизияның шығармашылық әлеуетін көрсетті
01.08.2026, 20:08
Теміржолда 119 мыңнан аса адам еңбек етеді
01.08.2026, 20:07
Теміржолшылар құрметке бөленді
01.08.2026, 20:06
Құрылтай елдің институционалдық әлеуетін арттыруға негіз болмақ
01.08.2026, 20:06
Тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді
01.08.2026, 20:05
Орал теміржол вокзалы ел игілігіне берілді
01.08.2026, 20:05
Астана әуежайы ірі жүк тасымалдаушы компанияның алғашқы рейсін қабылдады
01.08.2026, 20:05
«Болашақ ойындары»: 16 команда PUBG бойынша Battle Royale турнирінде сынға түсіп жатыр
01.08.2026, 20:04