Солтүстік Қазақстанда волонтерлар жемқорлармен күресіп, мемлекеттің 83 млн теңгесін үнемдеген
Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс істеген волонтерлік топ 83 млн теңгеден астам бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына тосқауыл қойды. Еріктілер бұдан өзге мемлекеттік сатып алу саласында 8 күмәнді деректі анықтады. Сондай ақ олар мыңға жуық адамға тегін құқықтық көмек көрсетті.
Жалпы облыста 125 адам ерікті ретінде жұмыс істеуге ниет білдірген. Жемқорлықтың жолын кескен белсенділер қазір жол сапасын қадағалап, құрылыс саласында да жұмыс істеп жүр. Аудан, қала, республикалық маңызы бар 20-дан астам жол учаскесінде мониторинг жүргізді.
Ерлан Әбілкәрімов, волонтер:
Тиісті мамандардың көмегімен мемлекеттік тапсырыс бойынша салынып жатқан нысандардың құрылысын, жол сапасын тексереміз. Олқылық анықталса, тапсырыс берушіге нұсқау жолдаймыз. Көбіне нысандардың паспорты болмай жатады, жаңадан салынған жолдар жарылады. Осының барлығы қалыпқа келтірілгенше жұмысты қадағалаймыз.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04