Үкімет басшысы Ұлытау облысына жұмыс бабымен барды
Үкімет басшысы Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдің өндіріс әлеуетімен танысты. Жаңадан құрылған аймақ өнеркәсіптің өткен жылғы көрсеткіштерімен салыстырғанда 7% өсіммен елімізде 4-орында тұр. Олжас Бектенов қарқынды төмендетпеуді тапсырып, одан әрі өсу үшін қолда бар резервтерге назар аудару қажеттілігін ескертті.
Сондай-ақ Жыланды кенішінде болып, сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап Президент атынан мемлекеттік марапаттарды табыстады.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
Біз егемендікке қол жеткіздік. Экономикасы қуатты мемлекет ретінде әлемге танылдық. Қаншама тарихи тағдырлы жеңістердің куәсі болдық. Бұл ретте кәсіби біліктілігін, мол тәжірбиесін еліміздің игілігіне арнап келе жатқан сіздердің еңбектеріңіз де ерекше.
Биыл Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл. Премьер-министр Ұлытау облысындағы іссапар барысында «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне барып, жай-күйімен танысты.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02