Астанада кеншілердің еңбегі еленді
Кәсіби мерекесі қарсаңында кеншілердің еңбегі еленді. Ауыр әрі қауіпті болса да, жұмысына адал жандар ІІ және ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
«Сарыарқа» шахтасының басшысы Владимир Иванов «Жылдың үздік шахтёрі» атағына ие болды. Өзге де үздік мамандар салаға қосқан елеулі үлесі үшін алғыс хатпен марапатталып, «Құрмет» грамотасын алды. Озат жұмысшылар мен сала ардагерлерлерін құттықтаған Өнеркәсіп және құрылыс министрінің орынбасары Олжас Сапарбеков көмір өнеркәсібі еліміздегі электр энергиясының шамамен 80 пайызын өндіретінін атап өтті.
Мирас Әлкенов, «Шұбаркөл көмір» АҚ бұрғылау және жару шебері:
Бұл салада өзімнің әкем 33 жыл қызмет еткен. Мен өзім дәл сол Шұбаркөлде 15 жыл жұмыс істеймін. Ең төменгі санаттан бастап, қазір мастер БВР деген буровзрывные работы деген қызметте қызмет етемін. Жұмысымды құрметтеймін, сүйемін. Бес баланы тәрбиелеп, сол осылай жұмыс атқарып жатқан жайымыз бар.
Қаракөз Тұрмағанбет
Автор
Қаракөз Тұрмағанбет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Интернет алаяқтық азаймай тұр
24.04.2026, 20:59
ЕуроОдақ ядролық энергетиканы қарқынды дамытпақ
24.04.2026, 20:30
Иран дағдарысына қатысты бейресми саммит өтіп жатыр
24.04.2026, 20:28
Инвестициялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды
24.04.2026, 20:27
Шекарадағы құжат тексерісі азаяды
24.04.2026, 20:27
Мегаполисте 85 мыңнан астам автокөлік иесі салық төлемеген
24.04.2026, 20:18
Шілдеден бастап банктер бір QR-кодқа қосылады
24.04.2026, 20:17
RES 2026 EXPO: Жасыл энергия көрмесінде құны $2,3 млрд болатын келісімшарттар жасалды
24.04.2026, 20:14