Қызылордада жылу маусымына дайындық жұмыстары аяқталуға жақын
Қызылордада жылу маусымына дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Қалада 9 шақырымнан астам желілік құбыр ауыстырылады. Биыл мемлекеттен жылу желілерін жаңалауға 6 миллиард 900 миллион теңге қаржы қаралған.
Қазіргі таңда шаһар орталығындағы Желтоқсан және Қорқыт ата көшелері қазылып, тозығы жеткен құбырлар алынды. Жылу магистралін ауыстыруға байланысты қалада көлік қозғалысы қиындап, көшелер жабылды. Салаға жауаптылар тұрғындарды бұл уақытша қолайсыздықтарға сабырмен қарауға шақырады. Бүгінде мердігерлер жоспарлы жұмыстың 60 пайызын атқарып, мерзімінен бұрын аяқтауға күш салуда.
Медет Усаин, Қызылорда облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:
Құбырлардың 90 пайыздан астамы тозған. Жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Негізі құрылыс жұмыстары мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес 5 айды құрайды. Біз жұмыстарды 5 айға созбай, қыркүйек айының 20-на дейін толық аяқтайтын боламыз.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16