Шымкентте ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған балабақша жабылып қалуы мүмкін
Шымкентте ерекше күтімді қажет ететін балаларға арналған коррекциялық балабақша жабылып қалуы мүмкін. Өйткені құзырлы органдардың толассыз тексерісі мен әкімшілік кедергілер мекемені тығырыққа тіреп тастаған. Ал балабақша жабылса, балалары ем-дом қабылдай алмайтынына ата-аналар алаңдап отыр.
Егіз балаларын жетелеген Әйгерім балабақша есігін күнде үміт пен сенім жетегінде ашады. Бес жасқа толатын Мейірхан мен Әмірханның ой-санасында осында келгелі ілгерілеу бар. Өз қатарластарымен салыстырғанда дамуы кенжелеп қалған бүлдіршіндердің моторикалық қабілеттері орнығып, сөйлеуге талпынып жүр.
Әйгерім Есмаханқызы, ата-ана:
Жабылып қалса бұларға психолог, логопед керек. Басқа жаққа апара алмаймыз. Өйткені қымбат. Бұл жерде тегін. Балаларды үйде ұстап отыру да мүмкін емес.
Перзенттері осы балабақшаға келетін 50-ге тарта ата-ананың қазір осы ойымен көңілі алаң. Ерекше күтімді қажет ететін бүлдіршіндердің әрқайсысына мемлекеттен 97 мың теңге бөлінеді. Олар осында 10-нан астам ем-дом түрін қабылдайды. Мамандар әр баламен жеке жұмыс жүргізеді.
Айнұр Тұрсынбекқызы, ата-ана:
Баламның тағдыры ойналып жатыр. Нәтижелері енді шығып жатқанда балабақшаның жабылуына қарсымын.
Ата-аналардың дүрлігуіне себеп болған соңғы кездегі жиіліп кеткен тексерістер. Келгендерінің өзі бар нәрсені жоқ деп көрсеткен, ал енді бірі балабақшаның табалдырығын аттамай-ақ кем-кетігін көбейтіп, қағазға түсіріп беріпті.
Құралай Кемелбекова, балабақша құрылтайшысы:
Бізде шулаған, таза жұмыс істеген адамға жұмыс істеткізбейді. Не біреумен бөлісу керек немесе басқа тірлік істейсің. Органда істейтін ата-аналарымыздан сұрастырсақ «бізге жоғарыдан пәрмен келді «Даму-2» микроскоппен қараңдар» деген депті Тұран прокуратурасы.
Алайда прокуратура тексерістер заң шеңберінде жүргізілгенін және соған сай шешім қабылданатын айтады.
Арман Есімбетов, Шымкент қаласы Тұран ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры:
Заңнамаға сәйкес біз тексеруден кейін айыппұл саламыз, шарасын көретін болады. Қорыта келгенде ешкім жабылмайды. Біз анықтамасын бергенде де ондай жабылу деген сұрақ туындаған жоқ.
Түрлі кедергілерден мезі болған балабақша құрылтайшысы енді арнайы комиссия құруды талап етіп отыр. Оған түрлі орган қызметкерлерін қатыстыра отырып, ашық тексеріс болғанын қалайды.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04