«Ішкі саясаттағы жұмысты үйлестіру үшін әрдайым тың тәсілдер қолдану керек». Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Ақордада өткен ішкі саясат және идеология жөніндегі республикалық жиында осылай деді.
Басқосуға Президент Әкімшілігі, Үкімет мүшелері мен өңір әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Онда этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, саяси партиямен байланыс орнату әрі жастар саясатын жүргізу мәселелері талқыланды.
Ерлан Қарин Президент бастамасымен жүзеге асырылған реформалар және қоғамдағы өзгерістер елімізде мүлде жаңа саяси ахуал қалыптастырғанын айтты. Сонымен қатар азаматтармен диалогты күшейту ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудің басым бағыты екенін атап өтті. Әрі жиын соңында «Әділетті Қазақстан» идеясын жетілдіруге қатысты жауапты органдарға бірқатар тапсырма берді.
Айя Мүтәлі