Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккендерге баспана беріле бастады
Ақтөбе облысының Ойыл ауданының үш ауылында тасқыннан зардап шеккендерге салынып жатқан үйдің құрылысы аяқталды.
Тасқын кезінде Бестамақ, Ақкемер және Кемер елді мекендерінде барлығы 23 үйге су кіріп, жарамсыз болып қалған еді. Аудан бойынша 328 үй суға кетті. Қаратал, Екпетал ауылдарының тұрғындарына 133 үй сатып алынды. Қазір барлығы 172 баспана салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары толығымен қыркүйек айында аяқталуы тиіс. Ал Кемер ауылының тұрғындары қоныс тойын тойлап та үлгерді. Үй иелеріне құрылысты жүргізген компания теледидар тарту етті. Ойыл, Бестамақ және Ақкемер ауылдарының тұрғындары да бірер күнде жаңа қоныстарына көшеді.
Дархан Қасенов, Кемер ауылының тұрғыны:
Үмітіміз ақталды. Қаладағымен бірдей. Ертең газ келсе, бәрі де жақсы болады ғой. Дәретхана-ваннамыз бар, дүкеніміз қасымызда. Он екі жыл далада тұрдық қой, газ жоқ, дым жоқ. Оның қасында мынау жұмақ сияқты. Көп-көп рахмет!
Жақсыбек Кемал
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17