Биыл елімізде көмір қымбаттайды. Қара алтынның бір тоннасы 8 мың теңге мен 26 мың теңге аралығында болмақ. Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетовтың айтуынша, жеткізушілердің қызметін қосқанда баға бұдан да жоғары болуы ықтимал. Ал көмір шахталарына жақын орналасқан елдімекендерде көмірді арзанға сатып алуға болады. Өйткені онда жеткізу қызметінің құны төмен. Өткен 7 айда 58,1 миллион тонна өндірілген. Бұл былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 7,6 пайызға аз. Сондықтан аталған жағдайға байланысты көмір экспорты төмендеген. Бастысы республика бойынша көмір тапшылығы болмайды деп сендірді министрлік өкілі.
Тұрар Жолмағамбетов, ҚР ӨҚМ Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары:
Қажеттілік 8,6 миллион тоннаны құрайды. Іс жүзінде қазір миллион тонна ғана жеткізілді. Біз көмір өндіру және барлау бойынша әлемнің 10 елінің қатарына кіреміз. Бізде жылжымалы құрам толығымен дайын. Соны есепке алғанда тапшылық болмайды деп айта аламыз. Дегенмен мәселенің екінші жағы да бар. Егер тұрғындар күннің салқындағанын күтіп, көмір сатып алуға асықпаса, мәселе туындауы әдбен мүмкін. Сондықтан біз суық түскенді күтпестен алдын-ала сатып алу үшін халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.
Асылбек Данияр