Көшпенділер ойындарына 40 сәйгүлік қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көшпенділер ойындарына 40 сәйгүлік қатысады

22.08.2024

Көшпенділер ойындарында дәстүрлі бәйгеден еліміздің атынан 40 тұлпар қатысады. Іріктеу кезеңінің нәтижесінде 24 тұлпар таңдап алынды. Ал қалған жүйріктер осыған дейінгі көрсеткіштері арқылы жолдамаға ие болған.

Маңғыстаулық атбегі Әлеке Досқуатұлының баптауындағы Ғасыр – дүбірлі додаға жолдама алғандардың бірі. Ол Павлодарда өткен іріктеуде алдына қара салмай, бәйгенің жеңімпазы атанды. Енді бапкер осы нәтижені байрақты бәсекеде қайталауға ден қойып отыр.

Айтулы бәсекеде құнан бәйге 11, аламан бәйге 25, топ бәйге 18 шақырымға созылады. Ал жорға жарыс 9 шақырымда жарысады. Қазір қазақ атбегілер ғана емес, көрші елдер де дәстүрлі бәйгеге тыңғылықты дайындалып жатыр. Айта кетейік, шетелдік командалар бәйгенің әр түріне тек 3 тұлпардан қоса алады.

Әлем көз тіккен байрақты бәсекеде ұшқыр бәйгенің 3, ал дәстүрлі бәйгенің 4 түрі болады.ок


Хабарламаларға жазылу