Ауыл шаруашылығында субсидияға қатысты сұрақ көп
Елде кәсіпкерлік саласын қолдауға арналған бағдарлама мен жоба жеткілікті. Тек оның орындалуы аз. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қарастырылған субсидия уақытылы төленбейді. Ал нақты өнім өндіріп отырған шағын кәсіп иелері үшін алым-салықтың да мөлшері көп. Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаровпен кездескен шығыстағы кәсіпкерлер осы тектес бірқатар мәселе көтерді. Депутат өңірдегі сүттен өнім шығаратын ең ірі корпорацияның жұмысымен танысты.1200 адам еңбек ететін кәсіпорын бүгінде тек сүттен жүзден аса өнім түрін шығарады.
Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Сырттан келген беларустық-ресейлік тауарларға жол бермейтін осындай мекемелерге дұрыс мерзімінде субсидиялар төленбейді. Қазір мемлекет осы мекеменің алдында 2 миллиардтан астам қарызы бар. Осындай сұрақтардың барлығын жинап алып, арқалап, Парламенттің мінберінен Үкіметке жолдап, бәрін айтып, оның шешімін табу - біздің мақсат.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» жастары «Оқырман ұрпақ» жобасын іске қосты
07.10.2026, 17:28
Жастарға интернеттегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді
07.10.2026, 17:27
Әдепті ұрпақ тәрбиелеуде аға буынның орны бөлек
07.10.2026, 17:25
Ел жаңалықтарына шолу
07.10.2026, 17:24
Полимер құбырлардың сапасын бақылауды күшейту ұсынылды
07.10.2026, 17:20
Маңғыстауда тау туризмі дамып келеді
07.10.2026, 17:17
Химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
07.10.2026, 17:14
Эболадан қайтыс болған адамдар 4 мыңнан асты
07.10.2026, 17:13