«FlyArystan» әуекомпаниясы рейстердің кешігу себебін түсіндірді
Күніне 5-6, тіпті 10-нан астам ұшақ кешігеді. «FlyArystan» әуекомпаниясы рейстердің іркілу себебін түсіндірді.
Компания өкілдерінің сөзінше, өткен апта бұршақ жауып 5 ұшаққа зақым келген. Тағы 5 әуе кемесі түрлі себептерге байланысты істен шыққан. Қазір олар қайтадан жолаушы тасымалдап жатыр. Сондай-ақ еліміздің бірнеше қаласындағы әуежайларда жөндеу жұмыстары басталған. Сондықтан түнгі рейстердің басым бөлігі күндізге ауыстырылған. Ал көлік вице-министрі бұл мәселе жуық арада шешіледі деп халықты сабырға шақырды.
Талғат Ластаев, ҚР Көлік вице-министрі:
Ақтөбе аэропортының ұшу-қону жолы жөнделіп жатыр. Ақтау аэропортында басталды. Астана әуежайы 20 жыл бойы ремонт жасалған жоқ, 100 мың шаршы метрге жасап жатырмыз. Келесі айдың ортасына дейін бітіреміз. 24 сағат әуежай істегенде сағатына 10-12 рейс келеді. Қазір күндіз 20-25 рейстерге дейін үлкейді.
Нұрсұлтан Тілектес
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17