Қызылорда облысында 8 мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр
Қызылорда облысында биыл 8 мектеп күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ескірген білім беру ғимараттарын жаңғыртуға жергілікті бюджеттен қомақты қаржы бөлінген. Өңірге іс-сапармен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары білім ошақтарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. Сыр өңірінен сайланған халық қалаулылары қаладағы 211 мектепке барды. Мұнда 900-ге жуық бала білім алады. Осыдан отыз жыл бұрын салынған білім ордасы «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Қазіргі таңда ішкі жұмыстар 90 пайызға аяқталған. Депутаттар мердігер мекеме басшысына мектепті жаңа оқу маусымына дейін аяқтауды міндеттеді.
Мархабат Жайымбетов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мердігер мекеме үлгермеген жағдайда жауапкершілікке тартылады. Өйткені алдын ала бұлармен тендер өткізіліп, былтырғы жылдың қараша айында келісімшартқа отырған. Биыл 26 мамырда мектептерді босатып берген. Мердігерлер 30 тамызға бітіреміз деген уәде беріп отыр.
Әділбек Серікұлы
Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Болашақ ойындарында мыңға жуық волонтер қызмет етеді
23.07.2026, 20:45
ШҚО-да республикалық ардагерлер ұйымының кеңесі өтті
23.07.2026, 20:40
Еңбек нарығында оң динамика байқалады
23.07.2026, 20:38
Елімізде жеке ортездер шығаратын алғашқы мемлекеттік өндіріс іске қосылады
23.07.2026, 20:35
4 700-ден астам адам ағза ауыстыруға мұқтаж
23.07.2026, 20:29
Алматыда бесінші қабаттан құлаған 4 жасар бала аман қалды
23.07.2026, 20:23
Ресейде су тасқыны үйлерді шайып кетті
23.07.2026, 20:22
Қостанайда жастар өзен жағасын жинап жарысты
23.07.2026, 20:22