Бір оқушыны мектепке дайындау үшін қанша қаражат керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір оқушыны мектепке дайындау үшін қанша қаражат керек?

20.08.2024

Жаңа оқу жылының басталуына тура 11 күн қалды. Баладан бұрын мектепке әзірлікті ата-ана қызу бастады. Арзан киім, құрал-жабдық іздеп, жер-жерде өтіп жатқан жәрмеңкелерді жағалап жүр. 

Самал Қабышева, тілші:

Бұл ең арзан бағадағы қыз баланың жейдесі. Бағасын, міне, көріп тұрсыздар. 6500 теңге. Ал белдемшенің құны 7500 теңгеден басталады. Аяқ-киім 8500. Пиджагы 9000. Сөмкенің бағасы, міне, көрсетіліп тұр. 7000 мың теңге. Ал жәрмеңкедегі спорттық киімдердің ең арзаны – 14 500 теңге. Спорттық аяқ-киім 8500 теңге.

Бұған қоса мектепке қажетті құрал-жабдықтар бар. Оған үнемдеп жұмсағанның өзінде 30 мың теңге қажет. Яғни, бір қыз баланы мектепке дайындау үшін кемінде 100 мың теңге керек. Ұл балаға жұмсалатын қаржы да осыған шамалас. Тіпті одан да көп болуы мүмкін. Себебі жәрмеңкедегі бір костюм шалбардың бағасы 22 мың теңге тұрады. Айта кетейік, біз сіздерге арнайы жәрмеңкедегі ең арзан тұратын мектеп киімі мен құрал-жабдықтардың бағасын көрсеттік. Қорыта айтқанда, мектепке баратын бір балаға кемінде 100 мың теңге қажет. Ал бір үйден бірнеше баланы киіндіру керек болса, шығынын өзіңіз есептей беріңіз. Ал балаңызға сапалы киім сатып алатын мүмкіндігіңіз болса, кемі 250 мың теңгеңізді жұмсайсыз.

 
Самал Қабышева

Хабарламаларға жазылу