Рөлі оң жақта орналасқан такси жүргізушілеріне жұмыс істеуге тыйым салынады
Рөлі оң жақта орналасқан такси жүргізушілеріне жұмыс істеуге тыйым салынады. Шектеу келесі жылдан бастап күшіне енеді. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді. Ведомство осы бойынша «Yandex» және «InDriver» компанияларымен арнайы меморандумға қол қойған. Енді олар 1 қаңтарға дейін рөлі оң жақта орналасқан көліктерді тіркеуге алуы қажет. Мұндай шектеу бұрын рөлі оң жақта болып, кейін сол жаққа ауыстырылған автомобильдерге де қатысты. Жалпы еліміз бойынша рөлі оң жақта орналасқан 20 мыңға жуық көлік бар.
Марат Қарабаев, ҚР Көлік министрі:
Такси қызметтері осындай көліктерді анықтап, 1 қаңтардан бастап қызметтен босатады. Мұнымен қоса, Ішкі істер министрлігі жол ережесін жиі бұзатын жүргізушілердің тізімін ұсынады. Бұл жүргізушілер де такси жүйесінен шығарылады.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Болашақ ойындары-2026»: Қатысушылардың алды Елордаға келді
25.07.2026, 20:07
Мүмкіндігі шектеулі балаларға көрсетілетін көмектің аясы кеңейіп келеді
25.07.2026, 20:06
Жұқпалы аурулардың 21 түріне қарсы вакцина егіледі
25.07.2026, 20:05
Маңғыстаудың жартасты мешіттері ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізілді
25.07.2026, 20:05
Халық пікірі: Ата Заң – әділетті қоғам негізі
25.07.2026, 20:05
Саяси дода қыза түсті
25.07.2026, 20:04
Қазақстан мен Ресейдің көлік-логистикалық ынтымақтастығы стратегиялық сипатқа ие
25.07.2026, 20:04
Қазақстан – Ресей өңіраралық форумы
25.07.2026, 20:03