Үкімет басшысы жылыту маусымына дайындығы төмен өңірлерді атады
«Баяғы жартас - сол жартас». Бүгін жылыту маусымына дайындықты пысықтаған Үкімет басшысы өңір әкімдерінің немқұрайлығын айтып, біраз сынға алды. 6 облыста дайындық төмен. Сонымен қауіп-қатердің алдында тұрған қай өңірлер? Үкімет отырысынан Айя Мүтәлі тарқатады.
Жылыту маусымының басталуына 1 айдай уақыт қалды. Бүгін салаға жауапты министрлер мен бірқатар облыс әкімдері Үкімет басшысына дайындық барысы жайлы есеп берді. Нәтижесінде бірқатар проблеманың шеті шықты. Қазір әсіресе өңірлерді көмірмен қамту жағы ақсап тұр. Биыл елімізге 8,6 млн тонна қатты отын қажет болса, қорда әзірге оның 1 млн тоннасы бар. Яғни жоспардың 88 пайызы орындалмаған.
Қанат Шарлапаев, ҚР Құрылыс және өнеркәсіп министрі:
Өңірлермен бірлесіп, жедел штаб құрылды. Осы штабтың басты мақсаты – көмірді уақытылы жеткізу. Осы жұмыс менің және министрліктің тұрақты бақылауында болады.
Ал Қарағандыдағы күрделі жөндеуден өтуі тиіс болған қазандықта құрылыс жұмыстары тіпті басталмағаны белгілі болды. Ал Маңғыстау мен Батыс Қазақстан облысы әкімдігі әлі күнге мердігерді анықтамаған. Қостанай, Шығыс Қазақстан облысы мен Шахтинсктегі жылу орталықтарындағы жұмыс та кестеден кешігіп жатыр. Премьер-Министр қаржы уақытында бөлінсе де, жүйелі жұмыс жоқтығын айтып сынады. Үш ай бұрын қауіп-қатердің алдын алып, шұғыл шаралар қабылдау қажеттігі туралы тапсырма да аяқсыз қалғанын айтады.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Бүгін басшылардың көпшілігі қанша жерден сенімді сөйлеуге тырысса да, жұмыстың нәтижелі болатынына анық көзім жетіп тұрған жоқ. 3 ай өтті, баяғы жартас – сол жартас. Өзгеріс шамалы.
Жылу электр орталықтарының да берешегі артқан. Биыл 10 нысан отын үшін 20 млрд теңге қарыз. Министр Алмасам Сәтқалиев төлемді кешіктірген кәсіпорындарға ескерту жасады.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
Берешегі 18 млрд 307 млн теңгені құрады. Сондай-ақ «Богатырь-Көмір» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алдында 3 млрд 462 теңге сомасында берешек бар. Энергетикалық кәсіпорындар берешекті өтеуді жеделдетуі тиіс.
Айя Мүтәлі, тілші:
Сонымен жылыту маусымына дайындығы нашар өңірлерге уақыт берілді. Олар 1 қыркүйекке дейін мектеп, балабақшаны, ал 15 қазанға дейін аурухана мен басқа да әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз етуі қажет. Ал қазандықтағы жөндеу жұмыстарын қыркүйектің соңына дейін аяқтауы тиіс. Әйтпеген жағдайда қатаң жаза бар. Олжас Бектенов тиісті тапсырмалар орындалмаса, өңір әкімдерінің салаға жауапты орынбасарлары тікелей жауапқа тартылатынын ескертті.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
СҚО-да ғылым мен тәжірибенің арқасында сүт өнімі артып келеді
11.09.2025, 18:40

Е.Рыбакина жас теннисшілермен кездесті
11.09.2025, 17:51
Есту қабілеті бұзылған балаларға арналған спорт секциялары көбейеді
11.09.2025, 17:48
Дзюдодан Азия кубогында Қазақстан құрамасы 4 медаль алды
11.09.2025, 17:45
ӘЧ: Алты боксшы келесі кезеңге өтті
11.09.2025, 17:42
Қарағанды облысында «Жауынгерлік достастық – 2025» тактикалық оқу-жаттығуы қорытындыланды
11.09.2025, 17:39
Маңғыстау облысында қоқысты заңсыз төккендер жазаланды
11.09.2025, 17:36
Таразда «Тектұрмас» тарихи-этномәдени кешені аумағын тазартты
11.09.2025, 17:33