Ресей еңбек мигранттарына шектеуді күшейтпекші
Ресейге жұмыс істеуге барған еңбек мигранттары енді отбасын бірге апара алмайды. Тиісті құжат төменгі палатаның қарауына жіберілді.
Индира Бегайдар, тілші:
Құжатқа сәйкес, еңбек патенті бойынша жұмыс істеуге келетін төмен квалификациялы болып саналатын мамандық иелерінің отбасына елге келуге тыйым салу ұсынылды. Яғни шектеу құрылыс, такси қызметі, даяшы сияқты жұмыс істейтін шетелдіктерге қатысты. Осыған дейін Дума еңбек мигранттарына салық табысын да 30 пайызға өсіру туралы құжатты қараған. Сондай-ақ Ресейде нәпақасын айырып жүрген мигранттардың орыс тілін жетік меңгергені туралы сертификаты жарамсыз деп танылса, елден депортацияланады. Ал жұмысшылар санкция салдарынан табыс азайып, күнкөріс қиындағанын айтады.
Ахмет Болатбеков, еңбек мигранты:
Мен Қырғызстаннан келдім. Қазір қымбатшылық салдарынан табысымыз жетпейді. Мың рубльге түк келмейді дүкенде.
Жыл сайын Ресейге орта есеппен 10 млн еңбек мигранты келеді. Мамандар тиісті шектеулерден соң шетелдік жұмысшы саны 50 пайызға дейін азаяды дейді. Пандемия басталған кезде шетелдік жұмысшылар елдеріне қайтып, Ресейде бірнеше сала тұралап қалған еді. Мәселен, құрылыс тоқтап, үй бағасы көтерілген. Тіпті билік түрмеде отырғандарды жұмысқа тарту мәселесін қараған болатын.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда апта ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік өнімдерінің бағасы төмендеді
07.08.2026, 11:24
Елде нәресте өлімі азайды
07.08.2026, 10:08
Туберкулез көрсеткіші 10 жылда 51,7%-ға төмендеді
07.08.2026, 10:08
Қызмет экспорты 12,8 миллиард долларға ұлғайды
07.08.2026, 10:06
«Болашақ ойындары – 2026»: Фиджитал-би бойынша үздіктер анықталып жатыр
07.08.2026, 10:05
Құс еті мен тауық жұмыртқасын өндіру қарқын алды
07.08.2026, 10:05
Жетісу облысында қайтарылған активтер есебінен екі мектеп салынып жатыр
07.08.2026, 10:05
Иран кеме қатынасы ережесін қайта қарастырмақ
07.08.2026, 10:04