АҚШ-та демократиялық партияның 49-құрылтайы басталды
АҚШ-та демократиялық партияның 49-шы құрылтайы басталды. Жиынның ашылу сәтінде президент Джо Байден көзіне еріксіз жас алды.
Бұл - Байденнің сайлауға қатысудан бас тартқаннан кейін ауқымды жиынға алғаш қатысуы. Ақ үй басшысы өзінің мұрагері Харристің рөлі туралы эмоциялы сөз сөйледі, Трампты сынады. Ал президенттікке кандидат Камала Харристің құрылтай басталарда келуі де тосынсый болды. Себебі жиналғандар оны ерте келеді деп күтпеген еді. Харрис Байденге «Тарихи көшбасшылығы, ұлтқа қызметі үшін» алғыс айтты. Осы жиында Камала Харрис президенттікке кандидатураны ресми түрде қабылдайды. Демократиялық партия съезі 4 күн жалғасады.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақсу шатқалында көру алаңы ашылды
22.09.2026, 10:07
Көк базардағы құрылыс 2028 жылға дейін жалғасады
22.09.2026, 10:06
Ресейде көші-қон талаптары күшейді
22.09.2026, 10:05
Түркияда шетелдіктерге заңсыз азаматтық алуға көмектескен топ ұсталды
22.09.2026, 10:05
Егінге бөлінген 300 миллион теңге қолды болған
22.09.2026, 10:05
Жапонияда 2 миллионға жуық адам эвакуацияланады
22.09.2026, 10:04
Үкіметте жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту шаралары талқыланып жатыр
22.09.2026, 10:03
Бірнеше медиа ұйым Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірмек
22.09.2026, 10:02